Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"№ 40 мектеп-лицейі" КММ

МЕНЮ

Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары тұрақты бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Бос лауазым: Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары – 1 бірлік тұрақты(  қазақ және орыс тілінде оқытылатын сыныптарда);
2. Лауазымдық жалақысы: 150000-180000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
3. Конкурсты өткізу мерзімі: 05.01.2026 жылы сағат 14:00
4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5. Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу қаласы, Өмірзақ Орынбаев көшесі №4, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 2-15-41
Электрондық адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Біліктілік талаптары:
Міндеттері: 
  Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
 ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. 
1-бөлім. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесінің, арнайы ұйымдар мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
 3-тарау. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
 4-параграф. Білім беру ұйымы (негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары   
  55 тармақ - лауазымдық мендеттемелер; 
57 тармақ - біліктілікке қойылатын талаптар
Талаптар:
  1. Кәсіби құзыреттілік:  2. Цифрлық сауаттылық: - Электронды журнал " BilimClass", "Ұстаз" платформасын, білім беру ИКТ құралдарын жетік меңгеру;
  - Онлайн сабақ, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігі. 3. Көшбасшылық және басқарушылық қабілет:
 4. ЖИ (жасанды интеллект) құралдарын пайдалану:
  - Жаңа педагогикалық әдістерді (CLIL, STEM, критериалды бағалау) қолдану;
  - Жасанды Интеллект -ны жоспарлау, талдау және бағалауда қолдана білу.
5. Креативтілік пен икемділік:
  - Жаңа идеяларға ашық болу;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 24 желтоқсанына  дейін жүргізіледі.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "№ 40 мектеп-лицейі" КММ