Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"№ 40 мектеп-лицейі" КММ
Шу қаласы №40 мектеп-лицейінде 7 “ә” сынып оқушылары “ЭкоСана жобасы” бойынша “Табиғатты аялайық!” атты театрландырылған көрініс қойды.

Шу қаласы №40 мектеп -лицейінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Заң және тәртіп"айлығы,"Бала өкілдігі" жылдық жоспарына сәйкес,аталған ұйымның және өзін-өзі басқару белсенділерінің ұйымдастыруымен "Құқық әлемінде"тақырыбында 8 "А"және"Ә" сыныптар арасында интербелсенді сайыс өтті.



Шу қаласы №40 мектеп -лицейінде "Жас Ұлан және өзін-өзі басқару ұйымының" қатысуымен "Біз рәміздерді мақтан тұтамыз" атты дөңгелек үстел өтті.Мақсатты:білім алушылардың Отанына деген сүйіспеншілігімен мақтаныш сезімдерін ояту . Мемлекеттік тілді,ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру.



Шу қаласы №40 мектеп-лицейінде Шу станциясы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен ӘТЖК ЖСШ ШӘЕОТ күзетші тарапынан профилактикалық дәріс өткізілді.Дәріс көліктік қауіпсіздік тақырыбында өтіліп,оқушыларға суық қару және тыйым салынған заттарды алып жүруге болмайтындығын сомен қатар түнгі 23:00 ден кеиін көшеде жүрмеулері тиіс екендігін түсіндірді.Темір жол көлігінің жоғарғы қауіпті аймақ екендігін түсіндірді.




