Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"№ 40 мектеп-лицейі" КММ

МЕНЮ

Музыка пәні мұғалімі тұрақты бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Бос лауазым: Музыка пәні мұғалімі – 1 бірлік тұрақты( орыс қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда);
2. Лауазымдық жалақысы: 181000-200000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
3. Конкурсты өткізу мерзімі: 05.01.2026 жылы сағат 14:00
4. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
5. Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу қаласы, Өмірзақ Орынбаев көшесі №4, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «№40 мектеп-лицейі» КММ.
Анықтама үшін байланыс телефоны: 2-15-41
Электрондық адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Біліктілік талаптары:
Міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады
Талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
Және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
Және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
       1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 24 желтоқсанына  дейін жүргізіледі.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "№ 40 мектеп-лицейі" КММ